Зағипа Балиева көпшіліктің алаңдатқан 7 жасар баламен кездесті


Еліміздегі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын омбудсмен-Зағипа Балиева бірнеше күн бойы қазақстандықтарды алаңдатқан жеті жасар жеткіншекпен және оның әжесімен кездесті.


Заңгер Бақытжан Базарбек аталған кездесудің видеосын Facebook парақшасында жариялады.


"Қандай сараптама болсын өтеді" деген қаулы шықты. Мен ол қаулыны өз қолыма алдым. Бала дайын болған кезде сараптаманы өткіземіз. Егер ол сараптаманың растығына баланың жақындары күмән келтіретін болса, тағы да жасатуға болады. Бірақ қайта-қайта сараптама жасатқаннан не пайда? Құры босқа баланы шаршатамыз. Біз жеткіншектің жағдайын ойлау керекпіз",-деді ол.




Балиева оқушының қазіргі жағдайы жақсы екенін және тергеушілердің оны сұрақ астына алуға әзірше құқылары жоқ екенін жеткізді.


Еске салсақ, бірнеше күн бұрын ОҚО-дағы мектептердің бірінде жеті жасар баланың үлкен сынып оқушыларынан зорлық көріп жүргенін мәлімдегені қазақстандықтарды дүр сілкінткен. Құқық қорғау ұйымдары болса аталған іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын жеткізумен шектелген еді.


Кеше түнде тәуелсіз сараптама жасату үшін жолға шыққан жеткіншек пен әжесін тергеушілер поездан күштеп түсіріп, тергеуге алып кеткен.