Перуашев топан су басқанда ғана ақша сұрайтын әкімдерге шүйлікті


Азат Перуашев жылда қайталанатын табиғи апатқа күні бұрын қамдануды талап етіп, премьер мен Ұлттық банк төрағасына сауал жолдады, - деп жазады КТК арнасы.


Перуашевтің пікірінше, атқамінерлер елді мекендерді су басқанда ғана жан-жақтан ақша сұрайды.



"Әркім төтенше жағдай бола қалса деген қауіппен жеке баспанасын, өзге де дүние-мүлкін күні бұрын сақтандыруы керек. Сақтандыру нарығын дамытуға Ұлттық банк жауапты. Ал біздің атқамінерлер елді мекендерді су басқанда ғана ақша жан-жақтан іздеп, сабылады",- дейді депутат.


Депутат сақтандыру саласын дамыта алмай отырғанымызға қынжылып, қарапайым халық үшін ең маңызды дүниенің назардан тыс қалып жатқанын айтты.


"Сақтандыру тетіктері бар. Біз неліктен осы сақтандыру саласын дамыта алмаймыз. Ұлттық банкіміз қайта сол коммерциялық банктерді құтқарумен айналысып отыр. Қарапайым халыққа керек нәрсе, осы, әсіресе, төтенше жағдайда сақтандыру саласына еш назар аудармайды. Сақтандыру компаниялары өз алдымен жүгіріп жүр. Яғни, Ұлттық банк пен Үкімет шұғыл тұрғын үйді сақтандыру нарығын дамытуы тиіс. Ол үшін шенеуніктер бірінші адамдарға алдын ала қамдануды, өз мүлкіне жауапкершілікпен қарауды үйретуі қажет", - деп ағынан жарылды ол.


Айта кететіні, көктем келіп, қар суы ерігелі еліміздің бірнеше облыстарында су

тасқыны жүріп жатыр.