Аномальные места Казахстана

Басқару органдары, азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарының көктемгі кезеңге әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 5-6 наурызда оқу-жаттығудың басшылық штабы Өскемен қаласында, «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі.

Оқу-жаттығудың мақсатына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылдары мен құлақтандыру, Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық және салалық кіші жүйелерінің көктемгі кезеңдегі ТЖ қатері төнген және туындауы кезінде мақсаты бойынша міндеттерді орындауға жоғары дайындық режиміне ауыстыру мәселелерін пысықтауды жоспарлануда.

Оқу-жаттығуға орталық мемлекеттік органдардан (азаматтық қорғаудың республикалық қызметтері), жергілікті атқарушы органдардан (төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялары), азаматтық қорғаудың аудандық және қалалық қызметтері, авариялық-құтқару қызметтері, Қорғаныс министрлігімен келісе отырып Ұлттық Ұланның әскери бөлімдерінен жедел топтарды тарту жоспарланған.

Ағымдағы жылғы 5 наурызда су тасқыны кезеңіндегі ТЖ қатері туындауы кезінде басқару органдары мен азаматтық қорғаныс күштерін дайындауға шешім қабылдау және Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындауға шешім қабылдау бойынша азаматтық қорғаудың республикалық және облыстық қызметтерімен штабтық жұмыс жүргізілетін болады.