Алматыда полицейлер ойыншық ұрлады деген күдікке ілінді


Алматыда жәрмеңке ұйымдастырушылары құқық қорғау қызметкерлерін қызметтерін асыра пайдалана отырып, тауар ақшасын төлемей ойыншықтарды алып кетті деп айыптаған, деп жазды Zakon.kz.


Видеодан байқағанымыздай, полицей киімін киген бірнеше адам келіп, ойыншықтарды алып кеткенін көруге болады. Қазір аталмыш оқиғаға қатысты ІІМ тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.


Оқиға Алматы қаласында болған. Қазір тәртіп сақшыларының ол жерге не мақсатпен барғаны анықталуда. Ер адамдардың құқық қорғау орындарында істейтіні дәлелденсе, олар қызметтерінен босатылатын болады. Ал басшылықтары әкімшілік жазаға тартылады.