Алматы әкімі Алпамыс батыр жырын жатқа оқыды

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Тұлпар мініп, ту алған» эстафетасына қатысып, «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқыды.


«Эстафетаны ҚР президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаевадан қабыл алып, елімізге белгілі кинорежиссер Ақан Сатаевқа, танымал кәсіпқой боксшы Қанат Исламға және ел мақтанышы, дарынды әнші Димаш Құдайбергенге жолдаймын», - деді әкім.



Айта кетейік, бұл эстафетаға депутаттар, министрлер мен белгілі адамдар ат салысқан болатын.