Астанада OLX арқылы елді алдаған несие алаяғы ұсталды



Астанада OLX сайтына "банктен кез келген сомада несие рәсімдеп беремін" деп хабарландыру жазып, халықты алдаған алаяқ ұсталды.


Алаяқ банктің қара тізіміндегі тұтынушыларға да көмектесемін деп уәде берген. ​Сақтандыру қызметін сылтауратып алдымен QIWI-әмиянға ақша аударуын талап етеді. Ақшаның түскенін көрген соң, хабарландыруды өшіріп, абоненттік нөмірден құтылып отырады. Осы жылдың 15 қарашасында криминалдық полиция қызметкерлері жоғарыда аталған схема бойынша 10-нан астам адамды алдаған 24 жастағы ер азаматты қолға түсірді.


Жәбірленушілермен әңгімелесу барысында ер адам банкте таныстарының барын айтып, несиенің расталуына уәде берген.  


Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 19 бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Аталған азаматтан зардап шеккен тұлғалардың саны бұдан да көп болуы мүмкін. Сол себепті жәбір көргендер Астана қаласының полиция департаментіне (Бейбітшілік көшесі, 19) немесе 8(7172)71-62-91, 71-63-35 нөмірлері бойынша хабарласуы керек.