Алматының қақ ортасында Сталиннің ескерткіші пайда болды



Алматының қақ ортасындағы көшелердің бірінен Иосиф Сталиннің ескерткішін көргендер суретке түсіріп алды. Ескерткіш Гете көшесінің бойында, "Колоесс" Мәдениет үйінің маңына қойылған деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ескерткіш түнгі уақытта қойылған.


5 желтоқсанда ол көшеде ескерткіш болмапты.


"Ескерткішті бүгін түнде қойған болуы керек. Тастан жасалған немесе плита жабылған, қоршауы бар. Сыртқы келбетінен оның Иосиф Виссарионович Сталин екенін көруге болады", - деп жазды Вячеслав есімді жергілікті тұрғын.



Алматы қалалық Түрксіб аудандық әкімдігінің өкілдері ескерткіштің уақытша және оның фильм декорациясы болғаны үшін орнатылғанын хабарлады.


"Эвакуация" фильмін "Қазақфильм" түсіріп жатыр. Режиссер Фархад Шарипов 1941 жылы Алма-Атаға эвакуацияланғандар жайлы фильм таспалауда. Пенопласттан жасалған ескерткіш 7 желтоқсанда сағат 12.00-де алып тасталады", - деді әкімдіктегілер.