Жезқазғанда ер адам 27 жастағы әйелін басынан аңшы мылтығымен атып жіберді

5 желтоқсан күні 27 жастағы келіншек басынан жарақат алып, Жезқазғанның орталық ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды NewTimes.kz.


Жедел іздестіру барысында күдікті ретінде әйелдің күйеуі, 27 жастағы Жезқазған тұрғыны ұсталды. Оның ашу үстінде жұбайын аңшы мылтығымен атып жібергені анықталды.


Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам өз кінәсін мойындаған.


Ер адам отбасылық кикілжің кезінде ашуға бой алдырғанын айтыпты.


Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.


Ер адам уақытша қамау изоляторында отыр.