«ҚазАгро» холдингі 450 миллиард теңге қарыз алды


«ҚазАгро» холдингі ірі келісімге қол қойып, 450 миллиард теңге қарыз алды, деп хабарлайды KASE.


Алтыншы желтоқсан күні Қазақстан биржалық қорының сайтында «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі 450 миллиард теңге қарыз алғаны туралы құжат жарық көрді. Құжатта бұл қаражат жалпы корпоративтік істерге жұмсалады делінген.


«ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі 2006 жылы құрылды.


«КазАгро» холдингі «Агробизнес-2020» жобасын атқару кезінде «Цеснабанкпен» тікелей байланысты. Осы сала бойынша несие берудің 65 пайызы осы холдингке тиесілі. 


Қыркүйек айында «Цеснабанк» Ұлттық банктен 407 миллион доллар қарыз алған. Қаражаттың қайда жұмсалатыны туралы ақпарат таратылмаған. Оның алдында «Цеснабанк» қаржылық секторды жақсарту бағдарламасының қатысушысы ретінде 15 жылға 4 пайыздық кіріспен 100 миллиард теңге алған болатын.