Қызылордада қалдықтарды сұрыптау кешені салынады


Қызылорда қаласында тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мақсатында қалдықтарды сұрыптау кешені салынады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.


Бұл жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде қолға алынды. Сұрыптау кешенінің жылдық қуаты 60 мың тонна. «


Қазақстан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тапсырыс берушілер қауымдастығының президенті Руслан Досмахановтың айтуынша, тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру үлкен мақсатқа ие болып келеді. Еліміздің көптеген қалаларында оны игеру мәселесі түйткілді проблемаға айналғанын жеткізді.


Қызылорда облысында жылына 148 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылады. Мұндай қалдықтарды жинақтайтын 145 полигон бар. Олардың үштен біріне жуығы ғана қайта өңделеді.


Алдағы уақытта Сыр өңірінде жарық диодты шамдарды пайдалану жоспарланып отыр. Ол энергияны 50 процентке дейін үнемдейді.