Атырауда көктайғаққа қарсы жұмыс күшейді


Атырау қаласында көктайғаққа қарсы 200 жұмысшы, 20 техника жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Қазіргі уақытта көлікке және жаяу жүргіншіге арналған жолдың бәріне құм себіліп, орталық көшелерге тұз ерітіндісі қолдануда.


Әзірге 12 суару-жуу машинасы, 6 трактор, 2 құм шашатын көлік үздіксіз жұмыс үстінде. Сондай-ақ, бұған дейін де жауған жаңбырдың салдарынан жолға мұз қатып, Атырау-Астрахан жолы жабылған еді.


Атыраудағы «Қазгидромет» орталығының кешегі болжамы бойынша, осы ауа райы 6-7 желтоқсан күндері де сақталады.