Қарағандыда қонақүйден ер адамның өлі денесі табылды


Қарағандыда қонақүйден 32 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Полиция департаментінің мәліметінше, 6 желтоқсан күні қонақүй нөмірінен 32 жастағы ер адамның денесі табылды. Күдікті ретінде 39 жастағы Қостанай облысының тұрғыны ұсталды. Күдікті жанжал кезінде зардап шегушіні қылғындырып тастағанын мойындады.

 

Оқиғаға қатысты “Адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.