Айыпталушы жеті жылға бас бостандығынан айырылды


10 желтоқсан Түркістан облысы, Абай ауылында сексуалды зорлықтың құрбаны болған балақайдың ісіне байланысты сот үкімі шықты.

 

«16 жастағы айыпталушы Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-ші бөлігінде («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер») қарастырылған қылмыс белгісімен кінәлі деп танылсын. Оған осы баппен педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан екі жыл мерзімге айыра отырып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сот залынан күзетпен қамауға алынсын»,- деді судья Саммедин Темірәлиев.


Сот Шымкенттегі қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта жабық режімде өтті. Аталған іс бойынша тергеу амалдары бір жылға жуық жүргізілді. 


«Иесіз қалған үйдің ішінде жәбірленуші жасөспірім 2010 жылы туылған Б-ға қатысты күш қолданып, дәрменсіздігін пайдаланып, сексуалды сипаттағы әрекеттер жасап, оның артқы несіне бірнеше мәрте өзінің аталық мүшесін тыққан. Одан бөлек, 2017 жылы 25-ші қыркүйек күні де нақ осы тәсілмен өзі және бауыры А және көршісі кәмелетке толмаған И-мен бірге жасөспірім жәбірленуші Б-ға қатысты сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді жасаған»,-деп пікір білдірген судья Саммедин Темірәлиев.