15-20 қаңтар аралығында ҰБТ болады


15-20 қаңтар аралығында ақылы бөлімге оқуға түсуге мүмкіндік беретін ҰБТ тапсыруға болады.


Биыл тестілеу төрт: қаңтардың 15-20, наурыздың 24-29, маусымның 20 мен шілденің 5-і, тамыздың 17-20 аралығында өткізіледі.


Қаңтар, наурыз және тамыздағы тестілеуді тапсырғысы келетіндер 2242 теңге төлеуі тиіс. Бұл айларда тапсырған талапкерлерге басқа үлгідегі сертификат беріліп, онымен тек ақылы бөлімге түсе алады.


Қаңтардағы тестке ЖОО бірінші семестрде күндізгі бөлімде ақылы түрде тіркелген, шығармашылық мамандықтардан басқа мамандыққа ауысқысы келетіндер тапсыра алады.


Тестіге қатысу үшін стандартты құжаттар пакеті(форма бойынша өтініш, 3х4 сантиметр көлеміндегі фотосурет, жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі, талапкер оқитын орта білім беру мекемісінен анықтаманың екі данасы және тестіге қатысуға төленген өтемақының түбіртегі» қажет.