Журналистің өлімі: Айыпталушы өз кінәсін мойындап отыр



Журналист Ирина Бекетованың өліміне айыпталушы 34 жастағы Анатолий Гусейнов өз кінәсін мойындап отыр, деп хабарлайды КТК.


Ол өз әйелін қызғанып, соққыға жыққан. Қатты соққы нәтижесінде Бекетова үйінің ауласында қайтыс болған.


Марқұмның артында төрт баласы қалған. Оның екеуі Гусейновтан. Ол марқұммен азаматтық некеде тұрған.



«Інім қол көтерсе, үйден қуып шық деп Иринаға талай ескерттім. Бірақ, мені тыңдамай Анатолийдің қорлығына төзіп келді. Жақсы көрді ма немесе оны аяған шығар», - айыпталушы Гусейновтың әпкесі Александра.