Апаттан аман қалған актрисаның жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді


Алматыда жантүршігерлік жол апатына түскен актриса Айзада Сатыбалдиеваның оңалып кетуі үшін кемінде төрт ай қажет, деп хабарлайды Алматы арнасы.


«Науқас бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Түскен сәттен бастап диагностикалық шаралар өткізілді. Оған қосарланған ауыр жарақат, жабық бас-ми жарақаты, жабық кеуде жарақаты, сол жақтан көптеген қабырғалары мен сол жақ қол сүйектерінің сынуы, травматикалық шок диагнозы қойылды», - деді Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Оңласын Ибекенов.