Олжас Сүлейменов Малика Мұхитованы қамауға алмау туралы өтінішін қайта жолдады


Олжас Сүлейменов жиені қаза тапқан жол апатына кінәлі Малика Мұхитованы бас бостандығынан айырмау туралы тағы да сотқа хат жолдады.


Жазушының хатын судья Әсем Рамазанова оқып берді.


«2019 жылдың 10 қаңтарында Астана қаласының сотына хат келіп түсті. «Ескендір бала кезінен көз алдымда өсті. 1995 жылы мен Италияда елші болдым да, ол бастауыш мектепке барды. Содан кейін 2001-2013 жылдары Парижге жұмысқа ауысты. Ескендір 26 жыл бойы бір стақан алкоголь ішпеген, темекі шекпеген. Студент ретінде Францияда көлік пен мотоцикл жүргізу құқығына ие болды. Еуропада бір де бір айыппұлсыз және түсініксіз бірнеше жылдан бергі көлік жүргізу тәжірибесі бар», - деді судья.


Сүлейменов қызының жағдайына алаңдаулы. Және өзінің бұл хатын қызы келешекте түсінеді деп үміттенген.


«Мен отбасының үлкені ретінде Астана қаласының сотына Мұхитованы немқұрайлығы үшін айыптап, бірақ бас бостандығынан айырмау туралы өтініш жібердім, бүгін осы өтінішімді тағы жіберіп отырмын. Зайыбым мені қолдады. Қызым Лейла мен басқа туыстарым ең ауыр жағдайларда адамды кешірімділік құтқаратынын түсінер деген сенімдемін. Лейла екі қызын өсіріп жеткізіп, өз жан дүниесінің тыныштығын қалпына келтіруі керек», - деп жазған Сүлейменов.


Малика Мұхитова сот отырысы кезінде