Астанада аудан әкімдері есеп беру кездесулерін өткізеді


21-31 қаңтар аралығында Астана қаласы аудандарының әкімшілік активтері халық алдында есеп беру кездесулерін өткізеді, деп хабарлайды Астана қалалық әкімдігінің сайты.


Бұл аралықта халыққа Алматы, Байқоңыр, Есіл және Сарыарқа аудандарының әкімдері есеп береді.


Ал қала әкімдігінің активінің есебі 11-15 ақпан аралығына жоспарланған. Ол кезде елорда әкімінің орынбасарлары Сергей Хорошунның, Ермек Аманшаевтың, Қосман Айтмұхаметовтың, Асқар Әмрин мен Малика Бектұрованың есебін тыңдай аласыз. 


Есеп беру кестесі төменде көрсетілген: