«Алтын адам» мүсіні 10 мың долларға айырбасталған


Нью-Йорк тұрғыны қазақстандық Ая Төлемағанбетованың жоғалтып алған он мың доллар ақшасын қайтарып берді. Ол ақшаға балаларына сыйлық алмақ болған, деп хабарлайды CBS New York.


Ая Төлемағанбетова аса көлемді қаражаты бар сөмкесін желтоқсанда метрода қалдырып кеткен. Сөмкені Манхэттендегі Жоғары Вестсайдтың тұрғыны Ричард Тавери тауып алған. Қожайынды тауып, сөмкені қайтаруға бір ай кеткен.



Ая Төлемағанбетова сөмкесін қайтарып берген Ричард Тавернге «Алтын адамның» мүсінін сыйлап, мың долларды қайырымдылық қорына аударған.