Таразда мас күйінде жол апатын жасаған полицей жұмыстан қуылды


Тараз қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы, подполковник У.Сексенбаев қызметтік тәртіпті қатаң бұзғаны үшін жұмысынан босатылды деп хабарлайды ҚазАқпарат 


Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жүргізілген қызметтік тексеріс нәтижелеріне сәйкес полиция подполковнигінің қызметтік тәртіпті бұзып, жол-көлік оқиғасына себеп болғаны анықталыпты.


Сол себепті полицей жұмысынан босатылған.


Сонымен қатар полицейдің тікелей басшылары, яғни Жамбыл облысының ПД ЖПҚ мен Тараз қаласының басқарма полициясы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған көрінеді.


Айта кетейік, Таразда 5 қаңтар күні әлеуметтік желіде полицейдің қызметтік автокөлігімен мас күйінде жол-көлік оқиғасына себепкер болғаны туралы бейнежазба таралған болатын.