Денис Теннің соты: Жанар Толыбаева тергеушінің өзін ұрғанын айтты


Мамандандырылған ауданаралық сотта Денис Теннің өліміне қатысты басты күдіктілерді сұрақ астына алу жалғасуда. Сотта екінші болып Жанар Толыбаева сөз алды. Ол Арман Құдайбергеновпен кафеде танысқандарын айтты.


Кафеде танысқанымызда, ол менің телефон нөмірімді алып қалып, хабарласып жүрді. Біраз уақыттан кейін қыз бен жігіт ретінде жүріп бастадық. Алматыға 14 шілде күні жазғы демалысымда келдім. Бұған дейін жазда келіп кафеде даяшы болып істеп, жақсы ақша тауып жүргенмін. Осы жолы да сондай ойым болды.


18 шілде күні Нұралы мен Арманды полиция Мансура есімді бойжеткеннің Нұралының үстінен жазған арызы бойынша учаскеге алып кеткен. Айтуларынша, Мансураның аяғы ауыр болып, Нұралыдан ақша сұраған.


«Біз кешке үшеуіміз бірге тамақтандық. Кейіннен дәріханаға барып, Мансураға дәрі іздедік. Бірақ қалалық дәріханаларда түсік тастауға арналған дәрілерді дәрігер рұқсатынсыз сатпайтын болып шықты»,- деді Толыбаева.



Кейіннен Арман Құдайбергенов пен Жанар Толыбаева Абылайханда жалға алған пәтерге барған.


«Жігіттер қай жаққа баратынымызды айтпады. Мен біз кері Шаңыраққа қайтамыз деп ойладым. Ол ештеңе түсіндірмеді. Мен телефонда отырғанмын. Мен тек олардың көлікті қалай тоқтатқандарын көрдім. Олар дүкенге баратын шығар деп ойладым. Аяғым ауыр болғандықтан, дүкеннен өзіме керек зат алайын дедім. Құрманғазы-Байсейітова көшесінде Арманның қолына қолғап киіп, осыннан бастаймыз дегенін түсіндім. Осы кезде мен күмәндана бастадым. Арман маған: «Тыныш. Барып, саябақта отыра тұр» деді. Мен олардың қалай ұрлық жасап жатқандарын көрдім. Сыбайлас болмайын деп кетіп қалдым. Біз келген жолмен, кері жүре бастадым.


Менің жанымнан адамдар өтіп жатты, олардың арасында Денис болды. Бірақ мен оны танымадым. Артыма қайта қараған кезде Арман мен азиат жігіттің тұрғанын көрдім. Мен жігіттердің ұсталғанын білдім. Арман олардың артынан жүгіре бастады, олардың соңынан Нұралы кетті. Бірінші және екінші адамның арасында екі метр қашықтық болды, ал үшінші адам 6-7 метрде болды. Төбелес басталғанда, мен қаша бастадым. Мен көлік қойған жерімізге келгенімде, ол орнында болмай шықты. Мен Қонаев көшесіне дейін жеттім. Сол кезде жігіттердің мені қалдырып кеткенін түсіндім. Кейіннен біз Арманмен хабарластық. Ол маған басқа жерге келуімді айтты. Олар алаңдаулы болды. Сайранға дейін үнсіз болды. Өзар «ол өліп қалмайтын шығар» , «аяғынан жараланса тірі қалу керек» деп отырды. «Мүмкін өлмеген шығар» дегенді Нұралы айтты. 



Айтуынша, олар Шаңыраққа 17:00 оралған. Арман Құдайбергенов үйге кіріп, кейіннен бірден шығып кеткен. Артынан Нұралы кірген. Сұлтан мен Нұралының арасында ұрыс басталды дейді бойжеткен.

«Сұлтан маған да басқа пәтер тауып, кету керек екенін айтты». Осыдан кейін Жанар мен құрбысы Жайна Рысқұлов көшесінен пәтер тапқан. Кейіннен қыздар «Алатау» сауда үйінде тамақтанған. Ары қарай Шаңыраққа бармақ болып, жолай бұрын Жайна жұмыс істеген кафеге кірген.


«Осы уақытта танысым хабарласып, Қапшағайға шақырды. Шаңырақта мені ешкім күтіп тұрған жоқ қой деп, шақыруларын қабыл алдым. Бізді сол жаққа алып кетті. Арман жалғыз қалғанымда хабарласуымды сұрады. Түнгі 12-де мен Арманға хабарластым, ол төбелескен жігіттің көз жұмғанын айтты. Маған ауылға қайт деді. Маған ондай проблемаға араласпаған жөн екенін айтты. Мен бұл іске қатысым жоқ деп, осында қалып, жұмыс істеймін дедім».


Толыбаева қалаға оралған соң, оны ІІД тергеушілері ұстап алып кеткен.


«Арманды іздестіру шарасына арнайы топ құрылды. Мені оның қайда жүргенін көрсетуім үшін өздерімен алып алды. Осы уақытта маған Арман хабарласты. Детализация арқылы оның қай жерде екенін білді».


Толыбаева тергеуші өзін ұрып-соққанын айтты. Ол Құдайбергеновтен аяғы ауыр болғандықтан, оның үстінен арыз түсіре алмадым деді. 


Толыбаеваны ұрып-соғу ісі бойынша ІІД-ге арыз түсіп, түспегені туралы ақпаратты білу үшін қалалық ІІД баспасөз қызметінің ресми өкілі Салтанат Әзірбекке хабарластық.


«Бізде субординация деген ұғым бар. Іс сотта қаралып жатқандықтан, біздің бұл жайт туралы бірдеңе деуге құқығымыз жоқ. Егер де іс əлі тергеу үстінде ІІБ-де жатса, онда сұрап- білуге болатын еді. Менің білуімше, бұл азаматтардан, Құдайбергеновтерден, азаптау, ұру туралы ешқандай өтініш, хат түскен жоқ» ,- Салтанат Әзірбек.