Нұрсұлтан Назарбаев Мырзатай Жолдасбековті қабылдады


Президент мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, Мырзатай Жолдасбековті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.


Кездесу барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген басты бағыттар аясында атқарылып жатқан жұмыстар талқыға салынды.