Қазақстанда 60 мыңнан астам жалғызбасты әке бар


Соңғы сегіз жылда Қазақстаеда жалғызбасты әкелердің саны артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2010 жылы олардың саны 42 000 болса, қазір, 60 000-ға жеткен.


«Кәмелет жасына толмағандардың ісі бойынша бірнеше жыл судья болып жұмыс істедім. Бір түсінгенім, Қазақстанда психологтардың нормативті құжаты жоқ. Сондықтан, ажырасу мен балаларды бөлісуде психолог көмегі тиімсіз болып отыр. Себебі, әр психолог өз тәжірибесі мен өз пайымына қарай жұмыс істейді. Қос тарапқа бірдей қарамай, консультацияға жазылған тарапты қолдап кетуі де ықтимал», - деді «Келешек» психологиялық орталығының директоры Наталья Семененко.


Статистикаға сүйенсек, ажырасқан әкелердің 30% соттың шешіміне қарамастан, ажырасқаннан кейін балаларын көре алмай отыр. Олар балаларымен кездесу үшін сотқа қайта шағымдануға мәжбүр.