Сот сараптамасы Денис Теннің көп қан жоғалтудан көз жұмғанын растады


Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында сот-медицина сарапшысы спортшының Азиз Ибрахимов сөз сөйледі. Ол марқұм болған спортшының мәйітіне сараптама жасаған. Сондай-ақ сарапшы-криминалист Артем Құрбанғалиев куәлік етті. Ол спортшыға қалай соққы жасалғанын айтты.


«19 шілде күні біздің сот-медицина сараптамасына Денис Теннің мәйіті келіп түсті. Мәйітті мен және кезекші бөлімнің жетекшісі қабылдап алдық. Артерия қысымы 0 болып келді. Тексеріс барысында біз марқұмның денесінде екі аса ауыр жарақатты анықтадық».


Адвокат Өстеміров Ибрахимовтен адамның мұндай жарақатқа қанша уақыт шыдай алатынын анықтап, сұрады.


«Өлімнің себебі - көп қан жоғалтуы болған. Ол шамамен үш литр қан жоғалтқан. Мұндай жағдайда адамды тірі алып қалу өте қиын. Менің өз тәжірибемде мұндай оқиғаға ұқсас жағдайлар жылына тек бір-екі мәрте ғана болып тұрады. Бірақ дәрігерлер алғашқы көмекті дұрыс көрсеткен. Спортшыға өткір қарумен жарақат жасалғанын анықтадық».


Оған қоса, маман дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетілгенде спортшының аман қалуы мүмкін болғанын айтты. Сондай-ақ ол мұндай жарақаттан жылына екі адам көз жұмуы мүмкін екенін айтты.


Өз қорытындысын сарапшы-криминалист Артем Құрбаналиевте оқыды. Ол медико-криминалды сараптама өткізіп, марқұмның киімі мен тері кесіндісін қараған. Ол Тенде екі жарақат болғанын растады. Құрбаналиев күдіктілердің қайсысы мәнерлеп сырғанаушыны жаралағанын айта алмады.


«Дениске жарақатты артынан келген немесе оң жағынан келген адам салуы мүмкін. Ал алды жағынан адам тек солақай болса ғана салады».


Сот кімнің жарақат салғанын анықтауда. Сарапшылар арттан келген адамның осындай жарақат салуы мүмкін екенін алға тартуда.