Қазақстан Ресейден бензин сатып алуды тоқтатуды жоспарлап отыр


Қазақстан Ресейден теміржолмен бензин импорттауға үш ай мерзімге тыйым салмақ, деп хабарлайды, Қазақстан энергетика министрлігі.


Энергетика министрлігі дайындаған жобаны енді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мен қаржы министрлігі қарап, келісім беруі керек.


Осыған дейін 2018 жылы тамызда  көрші елден бензин тасымалдауға үш айға тыйым салынған.