Түркия Қытайдағы лагерьлерді айыптады: Қытай ресми жауап қайтарды


Түркияның Шыңжаңдағы лагерьлерге қатысты мәлімдемесіне осы елдегі Қытай елшілігі жауап берді.


«Түркия тарапы Қытайдың терроризмен күрес саясатына түсіністікпен қарап, Қытайға қатысты мәлімдемесін жоққа шығарады деп үміттенеміз. Түркия бұл жалған айыптауының салдарын жою үшін шаралар қабылдайды деп үміттенеміз», - деп жауап берді Қытай елшілігі.


Түркия сыртқы істер министрлігінің 9 ақпанда жариялаған мәлімдемесінде Шыңжаңдағы лагерьлерді "азаптау орталығы" деп атады.


Қытайдағы «саяси үйрену лагерлері» туралы ақпарат 2017 жылдың көктемінен бері таралған. БҰҰ бұл лагерлерде Қытайдағы аз ұлт өкілдерінен(қазақтар, қырғыздар, ұйғырлар, моңғол және т.б.) миллионға жуық адам отырғанын мәлімдеген.

 

Алдымен Қытай үкіметі бұл ақпаратты жоққа шығарса, кейіннен ресми Бейжің бұл орталықтарды «экстремизмге қарсы шара» деп мәлімдеді және «қамалғандар тіл үйреніп, кәсіп меңгеріп шығатынын» айтты.