Қазгидромет 2019 жылдың 12-14 ақпан аралығына ауа райы болжамын жасады


Қазгидромет 2019 жылдың 12-14 ақпан аралығына ауа райы болжамын жасады


«Қазақстандағы қатты аязға себеп болған солтүстік-шығыс тропосфералық ауа ағындары батыс және оңтүстік-батысқа қарай ығысқандықтан, алдағы үш тәулікте ауа температурасы климаттық мәнге жақын болады», - дейді синоптиктер.


Еліміздің оңтүстік өңірлеріне циклон әсер етіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста күн жылынып, жауын-шашын түседі. Ал қалған аймақтарда антициклонның ықпалымен күн ашық болады.


Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ауа-райы


12 ақпанда елордада ауа температурасы түнде 21 градус аяз болса, күндіз -11 градусқа дейін көтеріліп, қар жауады. Алматыда түнде 3 градус жылы, күндіз 2 градус нөлден төмен. Шымкентте түнде 4 градус нөлден жоғары болса, күндіз +13 градусқа дейін жылынады.


13 ақпанда Астанада ауа температурасы түнде -14 градус, күндіз -11 градус болады. Алматыда түнде 7 градус аяз, күндіз 4 градус нөлден төмен. Шымкентте түнде +5 градус болса, күндіз 11 градус жылы болып, жаңбыр жауады.


14 ақпанда Астанада түнде 18 градус аяз, күндіз 10 градус нөлден төмен. Оңтүстік астанамызда түнде 4 градус суық, ал күндіз 1 градус жылы. Шымкентте түнде +6 градус, күндіз +3 градус жылы және күні бойы жаңбыр болуы мүмкін.