Қостанайда сыбайлас жемқорлықпен күрес органының қызметкері парамен ұсталды


Қостанайда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің аса маңызды істер бойынша жедел басқармасының офицері ұсталды, деп жазды ҚазАқпарат.

«2019 жылдың 7 ақпанында Қостанай қалалық мамандандырылған тергеу соты Жедел-тергеу тобының басшысы - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Ішкі қауіпсіздік басқармасының бас тергеушісі Т.Ж.Амантайдың облыстық прокурордың орынбасары К.Мамаевпен келісілген өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаменті Аса маңызды істер бойынша жедел басқармасының офицерін 2 ай «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы туралы өтінішін қанағаттандырды», - деп хабарлады облыстық сот.


Бұрынғы офицер ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі, 24-бабы 3-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікке ілінді. Атап айтқан, аса ірі көлемде пара алмақшы болған.