Алматы әуежайында жалған құжатпен Түркия және Ирак азаматы ұсталды


Алматы әуежайында жалған құжатпен мемлекеттік шекарадан өтпек болған жолаушылар ұсталды, деп хабарлайды Алматы халықаралық әуежайы.


«10 ақпанда «Стамбул-Алматы» РС-100 рейсінің жолаушыларын тіркеу кезінде Түркия азаматы туған ағасының құжатымен өтіп кетпек болған. Ол өз елінде отандық борышын өтеуден қашқан. Сол себепті оған өзінің құжатымен шығуына тыйым салынған», - делінген хабарламада.



Сонымен қатар, Ирак азаматы өзін Францияның азаматы ретінде тіркемек болған. Құқық бұзушы азамат Алматыдан Еуропаға өтіп кеткісі келген. Бұл деректер бойынша тексеру жүріп жатыр.