Астанада төрт бала ыстан уланды: Дәрігерлер олардың жағдайы туралы айтты


Астана қалалық №2 балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмайылов ыстан уланған балалардың жағдайы туралы айтып берді.


«Балаларды педиатр, реаниматолог және травматолог қарап шықты. Балалардың ешқайсысы күймеген, иіс тиіп уланған. Денсаулықтары жақсарған соң, екі үлкен баланы анасы алып кетті, тағы екі бала күрделі соматика бөлімінде ем алып жатыр. Олардың да жағдайы жақсарып келеді, әзірге тұрақты. Ертең немесе арғы күні ауруханадан шығарамыз», - деді бас дәрігер ауруханада өткен баспасөз мәслихатында.