1 млн 387 мың азаматтың 21 млрд теңге салықтық берешегі бар


1 млн 387 мың азаматтың 21 млрд теңге салықтық берешегі бар.


Елімізде 1 млн 387 мың азаматтың 21 млрд теңге салықтық берешегі бар. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп жазады inform.kz


«Жеке тұлғаларға қатысты салықтық рақымшылық жүргізу мақсатында Салық кодексіне тиісті өзгертулер енгізілетін болады. Бүгінгі таңда еліміздегі 1 млн 387 мың азаматтың 21 млрд теңге көлемінде салықтық берешегі бар. Оның 6,6 млрд теңгесі өсімақы. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, берешегін өтеген азаматтардың өсімі жойылатын болады», - деді Ә.Смайылов.


«Қолданыстағы заңда оңалту мен банкроттық процестеріне кіру бойынша нақты шарттардың жоқтығы және сол процестердің ұзақтығы қиындық тудыруда. Қазіргі уақытты бұл заң жобасы Парламент Мәжілісіне жіберілді», - деді ол.