Романтикалық қаллар тізімінде Астана көш бастап тұр


ТурСтат сараптамалық агенттігі ресейлік туристерден әлеуметтік желілерде сауалнама жүргізіп, ТМД-ның ең романтиалық қалаларын атады. 


Анықтауымызша, демалыс күндері ТМД елдеріне жылына миллиондаған ресейлік туристер саяхат жасайды.


Демалыс күндері туристік саяхат үшін ТМД мен таяу шетелдегі романтикалық қалалар бестігіне Грузияның астанасы Тбилиси, Қазақстанның Астана қаласы, Әзербайжан астанасы Баку, Беларусь астанасы Минск және Молдовада Кишинев кірді. Тбилисиге дауыс берушілердің үштен бірі, Астана, Баку және Минскіге - он төрт пайыздан және Кишиневке - он пайызы дауыс берген.


ТМД-ның романтикалық қалалар рейтингіне Алматы, Бішкек және Ереван да кірген (5%-дан). ТМД романтикалық қалалар бестігі: Тбилиси, Астана, Баку, Минск, Кишинев.