Ақпанның алғашқы жартысында өрттен 18 адам қайтыс болды.


Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астанадағы үкімет отырысында сөз сөйледі.


Қазақстанда жыл сайын 15 мыңнан астам өрт оқиғалары болады. Онда 846 адам зардап шегіп,  434 тұрғын қайтыс болды.


«Жалпы елімізде өртке байланысты жағдай өзгермеді. Мемлекет, төтенше жағдайлар қызметі және әкімшілік жұмылып қарастырып жатқан шаралар жақсы нәтиже береді деп ойлаймыз», - деді министр.


Ақпанның алғашқы жартысында елімізде өрттен 18 адам қайтыс болды, оның бесеуі - балалар. Тағы алты адам иістен уланып дүниеден өтті.


Өрттің 40%-ы отты дұрыс пайдаланбағаннан, 20%-ы пешті дұрыс қолданбағаннан болады. Ал 16%-ы электр құрылғыларынан басталады. Өрттің басым көпшілігі тұрғын үйлерде болады.

 

«Қысқы кезеңге дайындық кезінде біз өрт қауіпсіздігін алдын-ала өткіздік. Осыған орай 2018 жылдың қараша-желтоқсан айларында өрттің саны екі пайызға азайған, өлім саны 27 пайызға төмендеген. Біз штаб құрдық, ең проблемалы көшелерді, елді мекендердің өрт қауіпсіздігі тұрғысынан анықтадық. Демалыс күндері раундтар бар. Алайда 13 мыңнан астам үй пешті тексеруден бас тартты», - деді министр.