Атаулы әлеуметтік көмек туралы не білуіміз керек?


Атаулы әлеуметтік көмек - аз қамтылған азаматтарға және табысы төмен отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем. Жәрдемақы отбасының әрбір мүшесіне төленеді. АӘК жаңа форматы 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енеді.


Мемлекет АӘК қандай жағдайларда төленеді?


Егер отбасының бір адамға шаққандағы айлық табысы 20 789 теңгеден аспаған жағдайда беріледі. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде көпбалалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мен "Күміс алқа" жәрдемақысы есептелмейді. Жиынтық табысқа: жалақы, жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс, алименттер, ата-анасының мүгедектігі бойынша жәрдемақы, баланы бір жасқа дейін күтуге арналған жәрдемақы, мүгедек балаға берілетін жәрдемақы, туыстарының көмегі кіреді.


АӘК алуға өтініштерді қабылдау қашан басталады?


2019 жылдың 1 сәуірінен басталады. Бұл үшін жұмыспен қамту орталығына немесе тұрғылықты мекен-жай бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Егер отбасы ауылдық жерде тұратын болса, онда кент, ауыл, ауылдық округ әкімшілігінің көмегіне жүгіне алады.


АӘК алу үшін қандай құжаттар қажет?


Өтініш және жеке куәлік. Құжаттарды кез келген күні өткізуге болады. АӘК өтініш берілген айдан бастап тағайындалады және өтініш берген күнге тәуелді емес. Мысалы, егер сіз құжаттарыңызды уәкілетті органға 20 сәуір күні әкеліп тапсырған болсаңыз, онда сіз жәрдемақыны сол айға толық көлемде ала аласыз. АӘК тағайындау үшін тұрақты немесе уақытша мекен-жайлық тіркеуіңіз болуыңыз керек.


Атаулы әлеуметтік көмекті неше жастағы балалар ала алады?

АӘК 18 жасқа дейін ай сайын 20 789 теңге мөлшерінде төленетін болады. Егер адам орта, техникалық немесе кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын болса, АӘК оқуды аяқтағанға дейін, яғни, 23 жасқа дейін төленетін болады.


Көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша тағы қандай шаралар бар?


Көпбалалы аналар "Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапатталады. Ал бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға ай сайын 16 160 теңге мемлекеттік жәрдемақы төленеді.


"Алтын алқа" және "Күміс алқамен" марапатталған көпбалалы аналар көлікке салынатын салықты және жер салығын; тұрғылықты мекен-жайын тіркеу, паспорт және жеке куәлік алу кезінде жасалатын нотариалды және заң тұрғысынан мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады.

5 және одан да көп бала дүниеге әкелген және 8 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған аналар 53 жасында зейнетке шығуға құқылы.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көмектің бірыңғай пакетін дайындады.


Оған жергілікті атқарушы орган есебінен 11 әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызмет көрсету шаралары кіреді. Оның ішінде 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, балалар лагерлерінде тегін демалу, тұрғын үй жағдайларын жақсарту, мектеп формасымен, оқулықтармен және керек-жарақтармен қамтамасыз ету және т. б.


АӘК белгілеу мен төлеу бойынша қосымша анықтамалық ақпаратты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестірудің өңірлік басқармаларынан келесі нөмірлер бойынша алуға болады.



Байланыс нөмірлері:


1. Нұр-Сұлтан 8 (7172) 55-68-40, 8 (7172) 55-68-00


2. Алматы 8 (727) 261-67-24


3. Шымкент 8 (7252) 27-71-29, 8 (7252) 27-66-81, Call-center: 1313


4. Ақмола облысы 8 (7162) 29-86-24, 8 (7162) 29-86-27, 8 (7162) 29-86-26, 8 (7162) 29-86-25


5. Ақтөбе облысы 8 (7132) 54-34-97


6. Алматы облысы 8 (7282) 32-96-69


7. Атырау облысы 8 (7122) 32-48-28, 8 (7122) 35-43-49


8. Шығыс Қазақстан облысы 8 (7232) 75-17-99, 8 (7232) 75-13-66


9. Жамбыл облысы 8 (7262) 45-55-60


10. Батыс Қазақстан облысы 8 (7112) 51-42-47


11. Қараганды облысы 8 (7212) 43-20-94, 8 (7212) 43-16-80


12. Қостанай облысы 8 (7142) 50-16-11


13. Қызылорда облысы 8 (7242) 27-41-65


14. Маңғыстау облысы 8 (7292) 60-52-53


15. Павлодар облысы 8 (7182) 90-31-42


16. Солтүстік Қазақстан облысы 8 (7152) 46-73-51


17. Түркістан облысы 8 (72533) 5-95-49, 8 (72533) 5-95-54