Актер Асылхан Төлепов жаңа қызметке тағайындалды


Актер Асылхан Төлепов жаңа қызметке тағайындалды. Актер "Алатау" дәстүрлі өнер және кино театры директорының орынбасары қызметіне кірісті.


Жаңалықты Асылханның анасы Салтанат Бисембаева Instagram парақшасында жазды.


"Баланың жетістігін көру - әр ата-ана үшін үлкен бақыт. Осы күндерге жеткізген Аллаға шүкір! Асылxан балам "Алатау" дәстүрлі өнер және кино театры директорының орынбасары болып тағайындалды. Қуанышты көпшілікпен бөліссең еселене түседі. Құттықтап қойсаңыздар болады. Балам, артылған сенімді абыроймен ақтарсың, жұмысыңның жемісін көр" , - деп жазды актердің анасы.