Жомарт Ертаевтың қамау мерзімі ұзартылды


Банкир Жомарт Ертаевтың қамау мерзімі 15 маусымға дейін ұзартылды.


«14 мамырда Алматы ауданаралық тергеу сотының шешімімен Жомарт Ертаевты бұлтартпау шарасы 15 маусымға дейін созылды», - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.


Еске сала кетейік, Ертаев 2018 жылдың мамырында Мәскеуде Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша ұсталды. Ол ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған.


Ол ЖШС-ның 80 млн АҚШ доллары сомасында банктен қарыз алуына ықпал еткен. Бірақ алынған қарызды қайтармау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асырған.


Онымен бірге банктің 41 топ-менеджері де ақша жымқырды деген айыппен ұсталған еді.


Күдікті биыл 15 наурызда Қазақстанға экстрадицияланды.