«Ұмытылмас. 1986-2011»: Әл-Фараби даңғылында тағы бір баннер пайда болды


Алматы қаласы Әл-Фараби и Назарбаев көшелерінің қиылысында «Ұмытылмас. 1986-2011» деген баннер пайда болды.


 rukh2k19 атты Инстаграм қолданушысы осы суретпен жазба қалдырған.


Әзірге баннерді кімнің ілгені туралы ақпарат жоқ. Біздің редакция полиция департаментіне хабарласып жағдайды сұрастырды. Бірақ олар бұл оқиғадан хабарлары да жоқ екен.


«Мен сұрастырдым. Ешкім бұл ақпарат жайлы білмейді. Бұндай оқиға тіркелгені де жоқ дейді. Жалған сияқты»,- деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 



Естеріңізге сала кетсек, дәл осы орында бұған дейін Романа Захаров Конституциядан үзінді іліп ұсталған еді. Оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі «шағын бұзақылық» деп айып тағылды.