Ақмола облысында жүргізуші екі адамды қағып кетіп, олардың біреуі қайтыс болды


Ақмола облысында жүргізуші екі адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Салдарынан бір жүргінші қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлайды.


Бұланды аудандық ПБ кезекшілік бөліміне түнгі сағат сағат 01:00-де жол-көлік оқиғасы болғаны туралы ақпарат түседі. Жол апатынан түрлі дене жарақатымен екі адам ауруханаға түсіп, кейін зардап шеккен адамның біреуі жансақтау бөлімінде көз жұмды.


«Оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі (Адам өліміне әкеп соқтырған Жол жүру ережесін бұзу) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілері.


Қашып кеткен жүргізуші 39 жастағы Макинск қаласының тұрғыны. Ол бүгін таңғы сағат 8 шамасында ұсталды.