Алматы маңында қоқыс полигоны өртеніп жатыр


Алматы облысы Қарасай ауданында қоқыс полигоны өртеніп жатыр, деп хабарлайды Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


«Қарасай ауданы Айтей ауылының маңындағы жалпы алаңы 1 га болатын қоқыс полигонының қатты тұрмыстық қалдықтары өртеніп жатыр. Сумен өртті сөндіру мүмкін болмай жатыр, өйткені қоқыс 60-70 метр тереңдікте. Қазіргі уақытта өртті сазбен сөндірудеміз. Полигонның жалпы ауданы 10,6 га құрайды. 16 мамыр күні түңгі сағат 02:03-де полигон аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Жапа шеккендер жоқ», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар депортаменті.


Өрттің әсерінен болған ауаның ластану деңгейі


Сонымен қатар, өрттің иісіне қала тұрғындары шағым түсірген. Белгілі болғандай, өрттің иісі бастапқыда желдің әсерінен Бішкек қаласына жеткен. Кейін желдің бағыты өзгерген соң Алматы қаласына қарай ойысқан.