Президент Тоқаев Грузия Премьер-Министрімен кездесті


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Премьер-Министрі Мамука Бахтадзені қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.


Тоқаев Мамука Бахтадзені Грузияның тәуелсіздігі күнімен құттықтап, достас грузин халқына жақсылық пен бақ-береке тіледі. Ол Қазақстанның Грузия экономикасындағы негізгі инвесторлардың бірі екенін атап өтті. Осы кезге дейін салынған инвестицияның жалпы көлемі 450 миллион доллардан асқанын айтты.


«Біз Грузияны достас мемлекет деп санаймыз. Арамызда ешқандай шешілмеген мәселе жоқ. Біздің делегацияларымыз халықаралық ұйымдарда өзара белсенді ынтымақтастықта жұмыс істейді. Қазақстанда 60 мыңға жуық грузин диаспорасы бар. Олар еліміздің тыныс-тіршілігіне өте белсенді әрі конструктивті түрде атсалысады», – деді Тоқаев.



«Маған Қазақстанға жұмыс бабымен бірнеше рет келудің сәті түсті. Халықтарымызды көпғасырлық достықтың арқауы байланыстырады. Біз мұны мақтан тұтамыз», – деді Грузия Үкімет басшысы.


Тараптар көлік-транзиттік, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары аясында Ақтау және Құрық порттары арқылы қатынастарды жандандыру мүмкіндіктерін талқылады.