Алматы облысында 18 жастағы қызға іздеу жарияланды


Алматы облысында 18 жастағы Амангелді Айгүл Жанатбекқызына іздеу жарияланды.


Ол 13 мамыр күні Талғар ауданының Белбұлақ ауылындағы үйінен шығып кеткен. Полиция департаментінің хабарлауынша қайта оралмаған.


Амангелді Айгүл Жанатбекқызы – орта денелі, көзі көкшіл-сұр түсті. Үстіне көк шалбар, ақ жиде киген, бойы шамамен 166-168 см.


Бойжеткенге іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полиция өкілдері Айгүл жайлы қандай да бір ақпарат болса  8 (7282) 600-232, 600-233, 8 (727) 295-61-05, 295-63-96 немесе 102 номерлеріне хабарласуды сұранады.