Семейлік мұғалімдер мектеп түлегіне пәтер сыйлады


Семейдің Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы 19 жасар студент Еркежан Ерсінқызына бір бөлмелі пәтер алып берді, деп жазады Semey Aynasy.


Қыз жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік және патронаждық қолдау көрсету туралы келісім бойынша баспанаға ие болды.


Мектеп ұжымы пәтер сатып алу үшін тұрғын үй жинақ қорына 2013 жылдан бастап 6 жыл бойы ақша аударып отырған.


19 жасар Еркежан Ерсінқызы 12 жасында тұл жетім атанған. Сәби уақытысында әкесінен, кейінірек анасынан айрылған. Соңғы бес жылда қыз туыстарымен бірге тұрыпты.


Қазіргі таңда Еркежан Ерсінқызы Аягөз қаласындағы политехникалық колледжде оқиды.