«Қазгидрометте» Алматыдағы қоқыс полигонында шыққан өрттің зияны туралы ақпарат жоқ


Түнде, 16 мамырда Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді. Өрт сөндірушілер қазірге дейін жалынды ауыздықтай алмай жатыр. Ал қоқыс иісі бүікл қалаға таралып үлгерді.


«Қазгидромет» баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт орнында экологтар жұмыс жасап жатыр.


«Мен экологтарға хабарластым, тексеру нәтижесі түстен кейін дайын болады. Департамент қызменттерлеріне мониторинг жүргізіледі», - деп атап өтті «Қазгидромет».


ТЖД-нің бас директоры Серік Әубәкіровтің айтуынша, дәл қазір атмосфера құрамында зиянды заттар жоқ.