Шымкенттегі газ станциясындағы жарылыс: 20 жастағы жігіт қайтыс болды


Шымкенттегі газ сақтау стансасында жарылыстан зардап шеккен 20 жастағы жігіт қайтыс болды. Бұл туралы Т.Орынбаев атындағы жоғары қысымды оксигенация орталығының мамандары мәлімдеді.


Орталықтың бас дәрігері Мәдина Ермаханбетованың айтуынша жігіттің денесінің 98 пайызын күйік шалған. Оның өмірін сақтап қалуға барлық жағдай жасалған, бірақ аман алып қала алмадық дейді дәрігер.


«Зардап шеккен азамат 18:10-де қайтыс болды. Жалыннан жігіттің бетін, мойнын, қолдарының жоғарғы және төменгі жақтарын 3-ші және 4-ші дәрежелі термиялық күйік шалған. Ол жасанды тыныс алу аппаратында жатты. Жарақаты ауыр болатын. Барлық қажетті көмек толық көлемде қамтамасыз етілгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», - деді Мәдина Ермаханбетова.