БҰҰ-ның Бас хатшысы мен Тоқаев телефонмен сөйлесті


БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда


Біріккен ұлттар ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа қызметіне тағайындалғанымен құттықтады. Ол, мемлекет басшысына табыс тілеп, оның жоғары лауазымдағы қызметі Қазақстан халқының ырысы мен бірлігін нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді. 


Сондай-ақ, Елбасы А. Гутерришке ризашылығын білдіре отырып, Қазақстанның БҰҰ-мен ықпалдастығын одан әрі нығайтуға ниет білдірді. 


«Сізді Біріккен ұлттар ұйымында тәжірибелі де танымал саяси қайраткер ретінде жақсы білеміз. Өзіңізді досымыз деп санаймыз, – деп қолдау білдірді А.Гутерриш.