Бүгін Қазақстанда әлеуметтік желілер тағы да жұмыс жасамай тұр


Әлемдік интернет бостандығын бақылаушы халықаралық NetBlocks сайты елімізде кеше Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.00-ден бері WhatsApp, Facebook және Instagram желілерінің жұмыс жасамай қалғанын хабарлады.


NetBlocks сайты сайлаудан кейін елде интернет жұмысы нашарлап бастағанын мәлімдеді.



Бүгін де  қазақстандықтар интернетке кіру қиындап, WhatsApp, Facebook және Instagram мессенджерлері істемей тұрғанына шағымданып жатыр. Көбісі интернетке VPN арқылы кіріп жатқанын айтты.



Министр Асқар Жұмағалиевтың айтуынша, елдегі интернет жұмысының баяулауы техникалық жағдайға байланысты көрінеді.


Айта кетсек, елімізде интернеттің бұл алғашқы бұғатталуы емес.