Оқырмандар көзімен: Алматыда не болып жатыр


Алматыда бүгін назарылық шеруі болуы мүмкін деген сыбыс әлеуметтік желіде тарап кетті. Осыған орай еліміздің бас қалаларында қауіпсіздік шаралары күшейтілген.


ҚР Бас прокуратурсы халықты әртүрлі ұйымдардан және рұқсат етілмеген қоғамдық акциялардан аулақ болуға шақырып жатыр.


Алматылық оқырмандардың хабарлауынша, мекемелердің HR бөлімдері қызметкерлерге сағат 16:00 ге дейін үйлеріне қайтуды айтқан. Олардың айтуынша Chocolife, KPMG, KIMEP, Beeline, «АТФ Банк», «КазТрансГаз», Huawei, Homebank, PWC, KAZ Minerals, Silk Way Ventures, Invictus, «Неделька» сияқты мекеме қызметкері қызметкерлерін үйлеріне жіберіп үлгерген, деп жазды The-village.kz.


HR-бөлімі бұл тек техникалық себептерден деп түсіндіруде.


Сонымен қатар, қала тұрғындары такси қызметтерінің бағасы жоғарлағанына қарсы шағымдануда. Жолаушылардың айтуынша такси бағасы 1500 теңгеден жоғары.








Еске сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өтті.