ІІМ наразылық кезінде ұсталғандардың қайда екенін айтатын болды


Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында өткен наразылық шеруі кезінде ұсталғандарыдың туысқандары алаңдаулы: олар жақындары туралы осы уақытқа дейін хабар ала алмай отыр. Олар ҚР адам құқықтары жөнінде уәкілге хабарласқан.


«Соңғы күндерде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өткен митингте ұсталған адамдардың қайда екендігі туралы ақпараттың жоқтығы туралы арыздары келіп түсті, ҚР ІІМ-нің ақпараты бойынша, ұсталғандар қоғамнан оқшауланған орындарға жіберілген», - делінген хабарламада.


Омбудсмен Ішкі істер министріне хабарласты, артынша департамент барлық ұсталғандар туралы ақпарат беріп отыруды ұсынды. Жауап ретінде Ішкі істер министрлігі туыстарына ұсталғандардың қай жерде екенін хабарлауға уәде берді.



«12 маусымда Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды және Алматы облыстарында қамау орындарына жіберілді», - деп хабарлады баспасөз қызметі.