Тоқаев митинг кезінде кінәсіз тұтқындалған азаматтарды босатуды тапсырды


Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Бас прокурорына митинг кезінде кінәсіз ұсталған азаматтарды босатуды тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысы twitter-дегі парақшасында жариялады.


"Бас прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуді, ұсталғандардың нақты саны мен кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырдым. Кінәсіз азаматтар мен оқиға орнында кездейсоқ болғандарды босату қажет",-деп жазды президент.