Бүгін Денис Теннің туған күні: Біз білмеген Денис қандай


Бүгін әйгілі мәнерлеп сырғанаушы, мақтанышымыз Денис Теннің туған күні. Көзі тірі болғанда ол 26 жасқа толар еді.


Олимпиаданың қола жүлдегері 2018 жылы 19 шілдеде Алматыда қаза тапқан болатын. Денистің туған күніне орай спортшының жеткен жетістіктері мен сіз бен біз білмеген қызықты фактілерді жинадық.




  1. 2006 жылы ол Қазақстан чемпионы атанды.
  2. 2007 жылы Нидерландыда жасөспірімдер арасындағы Гран-приде оныншы орын алды.
  3. 2008 жылы Мәскеуде Ресей кубогын жеңді.
  4. Сол маусымда Денис төрт құрылық чемпионатына алғаш рет қатысып, тоғызыншы орын иеленді.
  5. 2009 жылы Лос-Анджелестегі әлем чемпионатында жақсы өнер көрсетіп, Ванкувердегі Олимпиадаға жолдама алды. Бұл – Қазақстанның мәнерлеп сырғанау тарихындағы алғашқы жолдама.
  6. 2010 жылы Олимпиада ойындарында 11-орын. Сол жылы Лос-Анджелеске көшіп, жаңа бапкері Фрэнк Кэролдың басшылығымен жаттықты.
  7. 2011 жылы ақпанда Алматыдағы Азиададаның алтын жүлдегері атанды.
  8. 2011 жылы Франциядағы әлем чемпионатында жетінші орын иемденді.
  9. 2013 жылы Канададағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.


Денис мәнерлеп сырғанау спортынан бөлек– теннис, акробатика, тхэквондо, карате, жүзумен айналысқан.



Жан-жақты спортшы бимен және сурет салумен әуестенген.



Музыка мектебінде фортепиано сыныбында оқып, хорда ән айтқан.



2013 жылы "Денис Тен және достары" атты ірі мұз шоуын қолға алды.



2014 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын қызыл дипломмен бітіріп, Қазақ-Британ техникалық университетіне қарасты бизнес мектепке оқуға түсті.




Денис Тен сурет түсірумен де әуестенген. 2015 жылы Instagram желісіндегі парақшаға өз жұмысын жариялап жүрді.



Ол 2016 жылы "Мұздағы Юри" жапон аниме-хикаясында кейіпкерлердің бірі атанған.